БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

«Ғажайып Арыс» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыАрыс қаласы «Ғажайып Арыс» бөбекжай – балалар бақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы ,Арыс қаласы, Ергөбек №92Б ғимарат
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон: +7 771 564 4875
Электрон поштасы: gazhayypa@mail.ru

Web сайт. https://gazhaiyp-arys.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіАбдраманова Айгул Абдикадировна Арыс қалалық білім бөлім басшысының  2025 жылғы  17 ақпан  № 1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 24.02.2025ж өткен. БСН 160840018677  
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия 10.01.2023жыл № 23000553 KZ67RVK00063398 хабарлама берілген. 26.02.2025ж
7Құрылған жылы2018жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты ыңғайластырылған
9Топтар саны3топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:Ӏ ауысым; ӀӀ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 4 жас — ересек топ, 25-30 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут 2 жас – кіші топ, 10-15минут  
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 60 балаға арналған. 08.05.2026 жылы № KZ73VWF00563093 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 60 орындық, 3 топ жұмыс жасайды. «Радуга» ересектоп 4 жас, «Бәйтерек» ортаңғы топ 3 жас, «Балбөбек» кіші топ топ 2 жас. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:00 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада  3 топта  ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері  бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма,  әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған.  Жылу жүйесі,  кәріз жүйелері  кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.  Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен  бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.